ТМҰ елдерінің Бизнес форумы

2026 жылғы 13 мамырда Астана қаласында экономикалық интеграция мәселелеріне арналған Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің Бизнес форумы өтті. Форум ҚР ҰКП «Атамекен» және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы тарапынан Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағына (TCCI) төрағалық ету аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға ТМҰ елдерінің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдары, қаржы институттары және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Жұманғарин С.М. сөйледі. «Инвестиция тартудың практикалық механизмі ретінде бірыңғай өндірістік, ауыл шаруашылығы, логистикалық және сауда кооперациясы платформасын іске қосу» атты панельдік сессияны Қазақстан Республикасының Кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтың өзге де нысандары ұлттық қауымдастығының (NACOFEC) президенті Шайх К.А. модерациялады. Ол түркі экономикалық кеңістігі аясындағы декларативті бастамалардан практикалық кооперация мен бірлескен инвестициялық жобаларға көшу маңыздылығын атап өтті.

Панельдік сессия аясында ЖШС «ТехноГруппСервис» өкілі Моминбаева А.Ж. «Транскаспий энергетикалық дәлізі: Арал маңы экожүйесін жаңғыртудан Еуропаның стратегиялық энергетикалық қауіпсіздігіне дейін» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол ТМҰ-ға қатысушы үш ел Президенттері қолдаған Транскаспий энергетикалық бағытын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыт Орталық Азия ресурстарын Еуропаның өсіп келе жатқан энергетикалық нарығының қажеттіліктерімен байланыстыра алатын тұрақты энергетикалық архитектураның элементі ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, жаңа өңірлік байланыстарды қалыптастырудың бастапқы нүктесі ретінде Арал маңындағы шөлейттенуге қарсы күрес пен экологиялық инфрақұрылымды қалпына келтіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.


«Күн Бұлағы» 50 МВт КЭС жобасы

2026 жылғы 28–30 сәуір аралығында «ТехноГруппСервис» ЖШС басшылығы Ыстықкөл облысында қуаттылығы 50 МВт «Күн Бұлағы» күн электр станциясын салу жобасын іске асыру шеңберінде Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) барды. Іс-сапар барысында Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвестициялар агенттігінің өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті.

Кездесулер аясында жобаны іске асырудың ағымдағы мәселелері, тараптардың алдағы өзара іс-қимыл кезеңдері, сондай-ақ құрылысқа дайындықты аяқтау және нысанды кейіннен пайдалануға беру үшін қажетті процедураларды жеделдетуге бағытталған шаралар талқыланды. Жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және «жасыл» экономика саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектенов Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасына қазақстандық инвестор — «ТехноГруппСервис» ЖШС-нің қатысуымен «Күн Бұлағы» ЖШҚ іске асырып жатқан 50 МВт «Күн Бұлағы» КЭС құрылысы жобасына қолдау білдіретін ресми хат жолдаған болатын. Хатта жобаның екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, энергетикалық теңгерімді әртараптандыру және тұрақты даму саласындағы қазақ-қырғыз өзара іс-қимылын нығайту үшін маңыздылығы атап өтілген.


Қытайдағы халықаралық көрмеге қатысу

2026 жылғы сәуірде «ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдері Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының (ҚЖЭҚ) қолдауымен Қытайдың Сычуань провинциясы, Чэнду қаласында өткен «8th International Supply Chain & Port Logistics Expo 2026» халықаралық көрмесі мен бизнес-форумына қатысты. Шара мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, логистикалық компаниялардың, өнеркәсіп орындары мен бизнес өкілдерінің басын қосты.

Шара барысында қытайлық компаниялар мен халықаралық ұйым өкілдерімен B2B кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Қатысушылар логистика, теміржол тасымалы, өнеркәсіптік өндіріс және халықаралық сауда саласындағы заманауи шешімдермен танысты.

Форум аясында «Орта дәліз» (Middle Corridor) көлік бағытын дамытуға және Орталық Азия елдері, Қытай мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

«ТехноГруппСервис» ЖШС-нің халықаралық іс-шараларға қатысуы компанияның халықаралық серіктестікті дамытуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және іске асырылып жатқан ЖЭК жобаларына заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге деген ұмтылысын растайды.


RES 2026 EXPO көрмесіндегі сөз сөйлеу

2026 жылғы 23 сәуірде Астана қаласында RES 2026 EXPO | Regional Ecological Summit EXPO халықаралық саммиті аясында «Effective Technologies for Sustainable Development: From Innovation to Implementation» атты панельдік сессия өтті.

Сессия барысында компаниялар тобының жобалар менеджері Моминбаева А. «The Aral Sea: Combating Desertification» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтірудің практикалық тәсілдері, оның ішінде топырақты биоактивациялау технологиясын (SBT) қолдану қарастырылды, бұл қысқа мерзім ішінде құмды аумақтарды құнарлы жерлерге айналдыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаларды ауқымдау, су ресурстарын тұтынуды азайту және фотовольтаиканы (күн модульдерін) қолдана отырып тұрақты агроэкожүйелер қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұсынылған шешімдер табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға және Орталық Азия өңірінде аумақтарды қалпына келтірудің қайта қолдануға болатын моделін құруға бағытталған.