Қытайдағы халықаралық көрмеге қатысу

Қытайдағы халықаралық көрмеге қатысу

2026 жылғы сәуірде «ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдері Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының (ҚЖЭҚ) қолдауымен Қытайдың Сычуань провинциясы, Чэнду қаласында өткен «8th International Supply Chain & Port Logistics Expo 2026» халықаралық көрмесі мен бизнес-форумына қатысты. Шара мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, логистикалық компаниялардың, өнеркәсіп орындары мен бизнес өкілдерінің басын қосты.

Шара барысында қытайлық компаниялар мен халықаралық ұйым өкілдерімен B2B кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Қатысушылар логистика, теміржол тасымалы, өнеркәсіптік өндіріс және халықаралық сауда саласындағы заманауи шешімдермен танысты.

Форум аясында «Орта дәліз» (Middle Corridor) көлік бағытын дамытуға және Орталық Азия елдері, Қытай мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

«ТехноГруппСервис» ЖШС-нің халықаралық іс-шараларға қатысуы компанияның халықаралық серіктестікті дамытуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және іске асырылып жатқан ЖЭК жобаларына заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге деген ұмтылысын растайды.