ЖЭК бойынша ашық диалогқа қатысу
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
- 46 рет қаралды
11.10.2023 жылы Астана қаласында «ТехноГруппСервис» ЖШС компаниясының Серіктесі Жомарт Момынбаев ҚР Энергетика Вице-министрі Ж.Д. Нұрмағанбетовтың ұсынысы бойынша Қзақстандық «QAZAQ GREEN» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырған ЖЭК бойынша ашық диалогқа қатысты. Іс-шараға ҚР Электр энергетикасы саласымен тікелей байланысты мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Қазақстанда ЖЭК объектілерін салу жобаларын іске асыратын іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты. Кездесу барысында ЖЭК саласындағы отандық өңдеу индустриясын қорғау және қолдау көрсету мәселелері, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен ықпалдастықтың өзекті мәселелері, елдің энергожүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Жомарт Момынбаев ҚР қолданыстағы Заңнамасына өзгерістер енгізу және салық салу, кедендік баждар бойынша қолданыстағы жеңілдіктерді жою, импортталатын ЖЭК материалдары мен жабдықтары үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы ұсыныс жасады. Бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді, тараптар айтылған ұсыныстар мен мәселелерді пысықтауға келісті.
Кездесу сындарлы диалог түрінде өтті. Қорытындылай келе, ҚР Энергетика Вице-министрі Ж.Д.Нұрмағанбетов қатысушыларды ЖЭК ірі жобаларын іске асыру кезінде мүдделерді қорғау, энергия жинақтау жүйелерін қолдану, өткен 3 айдағы ЭТН қызметін талдау және т.б. мәселелерінде өздеріне тән белсенділік танытуға шақырды.
Біз өз тарапымыздан «QAZAQ GREEN» ЖЭК қауымдастығының Директорлар Кеңесінің Төрағасы Н.Н. Капеновтың тұлғасында осы кездесуді ұйымдастырушыларға бизнес пен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері арасындағы диалогты ұйымдастырғаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.