2024 жылдың 30-31 қазанында «ТехноГруппСервис» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы Ж.Б. Моминбаев жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында отандық өндіріс секторын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды бастамалармен сөз сөйледі.
2024 жылдың 30 қазанында Ж.Б. Моминбаев ЖЭК саласындағы отандық өңдеу өнеркәсібін қолдау шаралары туралы семинарға қатысып, ЖЭК жабдықтарын өндіруге бағытталған компаниялар үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал бағыттарын ұсынды. Өз сөзінде ол елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттыру үшін қазақстандық ресурстар мен технологияларды пайдаланудың және локализациялаудың маңыздылығын атап өтті.
Келесі күні, 2024 жылдың 31 қазанында, «Ішкі құндылық. Энергетикадағы отандық тауар өндірушілер» атты сессия өтті, оны Ж.Б. Моминбаев модератор ретінде жүргізді. Спикер ретінде ҚР «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Ж.Г. Хайрушев, Қазақстанның Энергиямен жабдықтау ұйымдары қауымдастығының төрағасы С.С. Агафонов, «Nero Group» директоры Е.И. Набиев, «Synergy Astana» ЖШС бас директоры Д.В. Севальников, «Profland.KZ» ЖШС директоры А.В. Слесаренко және «Alageum Sales» ЖШС сату бойынша директорының орынбасары С.М. Жагапаров қатысты.
Бұл сөз сөйлеулер «ТехноГруппСервис» компаниясының ұлттық өнеркәсіпті нығайту және жаңартылатын энергетиканы дамытудағы белсенді рөлін көрсетіп, компания мен оның басшылығының Қазақстан Республикасының ЖЭК саласындағы стратегиялық басымдықтарына қол жеткізуге қосқан үлесінің маңыздылығын растайды.