Соңғы жылдары АО «НУХ «Бәйтерек» (Холдинг) қызметінде «жасыл» экономиканы дамыту бойынша жарияланған мемлекеттік басымдықтарға, сондай-ақ отандық өндірісті, ғылымды және технологияларды ынталандыру міндеттеріне қайшы келетін бірқатар тәжірибелер байқалуда.
Мәселен, 2021–2022 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тарапынан микробизнеске қолдау көрсету сылтауымен бір (!) жобаға 38 млрд теңгеге дейін кредит беру жағдайлары тіркелген. Бұл ретте отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) өнімін пайдалану талабы қойылмаған, бірақ «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қарастырылған (дереккөз). Мұндай әрекеттер:
-
ШОБ үшін әділ бәсекелестік пен қаржыландыруға қолжетімділік қағидаттарын бұрмалайды;
-
қолданыстағы мемлекеттік индустрияландыруды қолдау бағдарламаларының логикасына қайшы келеді;
-
жергілікті өндірістің, ғылыми зерттеулер мен технологиялардың дамуына кері әсер етіп, импорттың күшеюіне жағдай жасайды.
Аса алаңдаушылық туғызатыны – 2025 жылы Холдинг ЖЭК саласын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламаларына қатысатын басым бағыттар тізімінен іс жүзінде алып тастады. Бұл шешім:
-
ЖЭК жобаларының инвестициялық тартымдылығын төмендетеді;
-
көміртексіздендіру жөніндегі мемлекеттік саясатқа деген сенімді әлсіретеді;
-
қазақстандық өнеркәсіпті ЖЭК жобаларындағы жеткізу тізбектерінен ығыстырып, импорттың артуына ықпал етеді.
Мұндай «қолдау» моделі экономиканың мультипликативтік әсерін қалыптастырмайды, отандық жоғары технологиялық өндірісті, ғылыми әзірлемелер мен ЖЭК саласындағы кадрларды даярлауды дамытуға ықпал етпейді. Нәтижесінде, экономиканың құрылымдық трансформациясын ынталандыру мен бюджетке салық түсімдерін ұлғайту орнына, импортқа тәуелділік сақталып отыр.
Ұсыныстар:
-
2020–2024 жылдар аралығында Холдингтің ЖЭК жобаларын қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруына кешенді аудит жүргізу, техникалық тапсырманы алдын ала ҚР «Атамекен» ҰКП арқылы мақұлдау;
-
ЖЭК саласына басым бағыт мәртебесін қайтарып, оны даму институттарының жұмысын реттейтін нормативтік актілерде бекіту;
-
Жеңілдікпен қаржыландыру кезінде ОТӨ өнімін пайдалану бойынша міндетті талаптарды енгізу;
-
Тұрақты энергетика мен климаттық бейтарап технологияларды қолдау бойынша Холдингтің ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеп, бекіту.