2025 жылғы 26 маусымда Минск қаласында өткен IV Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссия мен «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі» коммерциялық емес ұйымы бірлесіп ұйымдастырған үшінші халықаралық климаттық «Жасыл Еуразия» байқауының қорытындылары шығарылды.
Сараптамалық топ пен байқау президиумының бағалауы нәтижесінде «Центр Зеленых Технологий» ЖШС жүзеге асырып жатқан «InTech-Forecast» цифрлық жүйесі «Климатты мониторингілеу және климаттық белсенді заттарды басқару» номинациясы бойынша III орынға ие болды. Жоба ЕАЭО елдерімен қатар Қытай, Үндістан, Иран, ОАР, Сенегал және басқа мемлекеттерді қамтитын 16 елден келіп түскен 290-нан астам өтінімнің арасынан үздік шешімдердің бірі ретінде танылды. Қазақстаннан жүлдегерлер қатарына енген жалғыз қатысушы — «Центр Зеленых Технологий» ЖШС болды.
Компания атынан марапатты ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Владимировичтің құттықтауы мен ізгі тілектерімен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Зейілович қабылдады.
Компания әзірлеген «InTech-Forecast» платформасы жаңартылатын энергия көздері нысандарындағы электр энергиясының өндірісін жасанды интеллект алгоритмдері мен цифрлық егіздер көмегімен болжауға арналған. Бұл шешім генерация дәлдігін арттырып, шығындарды азайтуға және ЖЭК-ті энергетикалық жүйеге тұрақты интеграциялауға мүмкіндік береді.
Компаниялар тобы «Жасыл Еуразия» байқауына екінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2024 жылы «ТехноГруппСервис» ЖШС KASE биржасында жасыл облигациялар шығару арқылы қаржыландырылған «Күн электр станциясын салу» жобасы үшін «Төмен көміртекті энергетика» номинациясы бойынша II орын мен «Еуразиялық перспектива» санатындағы 50 МВт «Кун Булагы» СЭС жобасы үшін Құрмет грамотасын иеленген болатын.
Халықаралық алаңдағы байқауға қатысу мен мойындалу Қазақстанда әзірленген цифрлық шешімдердің маңыздылығын және олардың Еуразия кеңістігіндегі практикалық қолданбалы сипатын тағы бір мәрте растады.