Қазақстанның үздік тауары

Қазақстанның үздік тауары

2025 жылғы 16 тамызда ЖШС «ТехноГруппСервис» Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР ҰКП «Атамекеннің» ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысты. Іс-шара Оңтүстік астанада, Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтті және оған Қазақстан бизнесінің негізгі өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған бұл байқау жыл сайын ұлттық экономиканың дамуына елеулі үлес қосқан отандық компанияларды марапаттайды. Көрме аясында «ЖШС ТехноГруппСервис» «TGS-Solar» брендімен шығарылатын, «Алатау» АЭА аумағында орналасқан жоғары технологиялық зауытта өндірілетін отандық фотоэлектрлік модульдер желісін ұсынды.

Іс-шараның ресми қонақтары Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР ҰКП «Атамекен» Төрағасы Райымбек Баталов, сондай-ақ іскерлік және қоғам өкілдері болды.

Республикалық байқау 2006 жылдан бері өткізіліп келеді және отандық өндірушілерді жан-жақты қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, қазақстандық өнімдерді тұтыну мәдениетін ілгерілетуге және ішкі нарықты сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кету керек, 2021 жылы компаниялар тобы «Үздік қызмет көрсететін кәсіпорын» номинациясы бойынша Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына ие болған. «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысу ЖШС «ТехноГруппСервис» компаниясының жасыл энергетика саласындағы технологиялық көшбасшылыққа және озық шешімдерді жергілікті өндіріске енгізуге деген ұмтылысын тағы да растады.