1000 МВт ВЭС жобаларын талдау: нарықтық және үкіметаралық тәсілдердің салыстырмалы бағасы

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторын белсенді дамыту жағдайында ірі энергетикалық жобаларды іске асыруда қолданылатын инвестициялық тетіктердің тиімділігі өзекті мәселеге айналды.

Бұл аналитикалық шолу ЖЭК қолдаудың екі параллель дамып жатқан үлгісін салыстырады: нарықтық (АҚ «КОРЭМ» өткізетін ашық аукциондар арқылы) және аукционнан тыс (Үкіметаралық келісімдер – ҮАК негізінде). Ерекше назар қаржылық, құқықтық және институционалдық тәуекелдерге аударылған.

1. Қаржылық жүктеме:

     
  • ҮАК жобалары бойынша тариф 2025 жылғы 15 сәуірде АҚ «КОРЭМ» алаңында өткен нарықтық аукцион нәтижесіне қарағанда кемінде 18%-ға жоғары, бұл 20 жыл ішінде $437 млн артық шығынға және тек бір ҮАК бойынша келесі 5 жылда қосымша $109 млн шығынға әкеледі (ҮАК аясындағы PPA келісімшарты 25 жылға жасалады).
  •  
  • Қазақстан 4,8 ГВт жалпы қуатымен 5 ҮАК жасасуды жоспарлап отыр, бұл нарық пен оның барлық қатысушылары үшін жалпы қосымша шығынды $2,6 млрд деңгейіне жеткізеді.

2. Құқықтық және нарықтық теңсіздік:
Аукцион жобалары Қазақстан заңнамасы аясында іске асырылады, ал ҮАК жобалары бірқатар ерекшеліктерді, соның ішінде қазақстандық компаниялардың қатысуының төмендігін тудыра отырып, прецедент қалыптастырады.

3. Нарыққа деген сенімнің төмендеуі:
ҮАК жобаларына артықшылық беру тиімділігін дәлелдеген бәсекеге қабілетті аукцион жүйесінің беделін төмендетеді.

4. ЖЭК дамуының “параллель моделінің” тәуекелдері:

     
  • Аукциондық және ҮАК үлгілерін ортақ ережесіз қатар дамыту сектордың теңгерімсіздігіне, инвесторлардың сенімсіздігіне және өндірістік сектордағы белгісіздікке әкелуі мүмкін.
  •  
  • Сонымен қатар, ЖЭК өндірісінің елдік көрсеткіштері «мерзімінен бұрын» орындалуына байланысты аукционға шығарылатын қуат көлемінің азаю қаупі де бар.

Салыстырмалы талдау:

                                                                                                                         

Параметр «КОРЭМ» АҚ аукционы Үкіметаралық келісім жобасы
ЖЭС қуаттылығы 1000 МВт 1000 МВт
ЭСЖ қуаты / сыйымдылығы 300 МВт / 600 МВт*сағ 300 МВт / 600 МВт*сағ
Тариф (ҚҚС-сыз) 18,72 тг/кВтсағ (3,6 АҚШ центі/кВтсағ) 4,25 АҚШ центі/кВтсағ
Артық төлем (жылына / 20 жылға) - $21,8 млн / $437,5 млн
Таңдау механизмі Аш