Энергияны сақтау жүйелеріне (ЭСЖ) қойылатын талаптардағы теңсіздік: шағын генерацияның дамуына тосқауыл

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) энергетикалық жүйеге белсенді енгізілу үстінде. Бұл ретте олардың Біртұтас энергетикалық жүйеге (БЭЖ) сенімділік пен болжамдылық талаптарын ескере отырып интеграциясы басты мәселе болып отыр. Алайда энергияны сақтау жүйелерін (ЭСЖ) орнатуға қатысты қолданыстағы реттеуші практика ірі және шағын жобалар арасында айтарлықтай теңсіздіктерді көрсетеді.

Әртүрлі стандарттар – әртүрлі мүмкіндіктер

Қолданыстағы нормаларға сәйкес, 499 МВт-тан асатын ЖЭК жобалары үшін ЭСЖ орнату 30% қуат пен 60% сыйымдылықты қарастыруы қажет. Ал 5 МВт-қа дейінгі жобалар үшін 50% қуат және 200% сыйымдылық талап етіледі, бұл ірі жобаларға қарағанда үш есе көп.

Жоба санаты ЭСЖ-ге қойылатын талап (қуат) ЭСЖ-ге қойылатын талап (сыйымдылық)
Ірі ЖЭК ≥ 499 МВт 30% 60%
Шағын ЖЭК ≤ 5 МВт 50% 200%

Негізгі проблемалар:

  1. Нормативтік базаның болмауы:
    Жарияланған сәтте 5 МВт-қа дейінгі ЖЭК жобаларына ЭСЖ орнатуды міндеттейтін нормативтік құқықтық актілер бекітілмеген. Талаптар «KEGOC» жүйелік операторы тарапынан жартылай нұсқаулық, жартылай ұсыным түрінде беріліп, құқықтық анықсыздық тудырады.
  2. Дискриминациялық тәсіл:
    Шағын жобалар ЭСЖ-ге орасан зор инвестициялық жүктемені көтеруге мәжбүр, бұл оларды қосымша қолдау болмаса, экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді.
  3. Децентрализованған генерацияға қауіп:
    ЭСЖ-ге қойылатын шамадан тыс талаптар аймақтарда жергілікті тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ете алатын шағын СЭС пен ЖЭС-тің дамуын тежейді.
  4. Инвестициялық кедергілер:
    Шағын және орта бизнес субъектілері ЭСЖ орнатуға арналған ұзақ мерзімді және арзан қаржыға қол жеткізе алмайды, бұл 5 МВт-қа дейінгі жобалардың жүзеге асуын баяулатады.
  5. Институционалдық тосқауылдар:
    Аукцион арқылы РРА-шарт жасамаған ЖЭК жобалары электр энергиясын сату бойынша ең соңғы приоритетке ие болады және орталықтандырылған саудада сату мүмкіндігі өте шектеулі. ЭСЖ орнату бұл приоритетті арттырмайды, ал жоғары талаптар жағдайында бұл инвестицияны мүлде күрделендіреді.

    Сонымен қатар, «ДАМУ» қоры ЖЭК объектілеріне қатысты ЭҚЖЖ кодтарын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша басым бағыттар тізімінен алып тастаған. Соның салдарынан несиенің жылдық мөлшерлемесі 21,5%-ға дейін жетуі мүмкін.

Қорытынды:
ЭСЖ-ге қатысты әділетті тәсіл болмаған жағдайда, Қазақстан шағын ЖЭК дамуын тежеп, энергия жүйесін жергілікті деңгейде дамыту мен МСБ-ны қолдау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.