Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

2026 жылғы 13 ақпанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да Холдинг Басқарма төрағасы Р. Қарагойшиннің қатысуымен Қоғамдық кеңестің күндізгі отырысы өтті.

Кездесу барысында Холдинг басшылығы 2025 жылғы қызмет қорытындыларын ұсынып, одан әрі трансформациялаудың негізгі бағыттарын баяндады. «Бәйтерек» Холдингтің ұлттық инвестициялық институт ретіндегі рөлін күшейтуге, кәсіпкерлікті қолдау құралдарының тиімділігін арттыруға және экономиканың басым салаларын қаржыландыруды кеңейтуге бағытталған даму стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асырып жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ 2026 жылға арналған Қоғамдық кеңестің қызмет жоспары бекітілді. Жоспар Холдингтің стратегиялық бастамаларын сүйемелдеуді, Кооперативтерді дамыту жөніндегі комиссия құруды және Қоғамдық кеңес мүшелерінің Холдингтің еншілес ұйымдарының директорлар кеңестеріне тәуелсіз директорлар ретінде қатысу мүмкіндігін қарастыруды көздейді.

Отырыстың қорытындысы бойынша консультативтік орган жұмысына белсенді қатысқаны және Кеңес қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Моминбаев Жомарт және Қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері Құрмет грамотасымен марапатталды.