2025 жылғы 12 қарашада КБТУ-де Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің (МЖТМ) Индустриялық комитетінің бесінші отырысы өтті. Оған жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты.
Индустриялық комитеттің төрағасы Жомарт Моминбаев студенттердің тәжірибеге бағытталған құзыреттерін дамыту маңыздылығын атап өтіп, R&D-консорциумдарын құру, индустриялық тректерді енгізу және ЖЭК, материалтану мен «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастықты күшейту бастамаларын ұсынды. Қазақстан экономикасының технологиялық күрделілігін арттыру және ECI (Экономикалық күрделілік индексі) рейтингісіндегі елдің орнын жақсарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
МЖТМ деканы Нұржан Бейсенханов мектеп жұмысының нәтижелері мен кадр даярлау бағыттарын таныстырды. «Қазатомпром», ҮМЗ, Alageum Electric, «Уранэнерго», АЖК және басқа да индустриялық серіктестер өзекті кадрлық қажеттіліктерін атап өтіп, практика мен бірлескен зерттеулерді кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
Кездесу бизнес өкілдерінің жаңа буын инженерлерін даярлау мен ғылыми-технологиялық жобаларды бірлесіп дамытуға қызығушылығы жоғары екенін растады. Қабылданған шешімдер Қазақстандағы индустриялық-академиялық әріптестіктің жаңа моделін қалыптастыру мен технологиялық прогресті жеделдетуге негіз болады.

Қазақша


