2025 жылғы 27 қарашада «Алтын Групп» компаниясының «СЭЗ «ПИТ Алатау» аумағында орналасқан отандық фотоэлектрлік модульдер (ФЭМ) өндіру зауытына ОЮЛ «КазЭПИ» және «Майами Солар» компаниясының өкілдері келді.
Бұл сапар жаңартылатын энергетика саласындағы бизнес-қауымдастық, салалық қауымдастықтар мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бастамасының бір бөлігі болды. Мұндай тәжірибе зауыттың танымалдығын арттырып қана қоймай, қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері туралы кең қоғамдық хабардарлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Сапар аясында ОЮЛ «Қазақстандық энергожөндеу, жобалау, инжинирингтік компаниялар және энергетикалық жабдық өндірушілер қауымдастығының» төрағасы Сергей Агафонов НПП РК «Атамекеннің» FaceBook парақшасында тікелей эфир өткізді. Эфир барысында зауыттың өндірістік қуаттарын көрсетті, басшылықпен сұхбат жүргізіп, TGS-Solar фотоэлектрлік модульдерін шығару кезеңдері туралы айтып берді.
Осындай іс-шаралар отандық өндірушілердің консолидациясына, тұрақты нарық қалыптастыруға және индустрияландыру мен «жасыл» көшу саласындағы ұлттық мақсаттарды қолдауға үлес қосады.

Қазақша


