2025 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыруға, экологиялық трансформацияға және экожобаларға арналған Үкіметтік сағат өтті.
Іс-шара аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО) қолдауымен алғаш рет экология және жасыл технологиялар саласындағы инновациялық шешімдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме қатысушыларының бірі — жаңартылатын энергия көздерінде электр энергиясын өндіруді болжауға арналған «InTech-Forecast» жүйесі болды. Ол жасанды интеллект алгоритмдері мен цифрлық егіздерді қолдана отырып жасалған және ХЖТИЖО жасыл жобалар тізіліміне енгізілген.
InTech-Forecast күн электр станцияларындағы генерацияны оңтайландыруға, энергетикалық жүйенің теңгерімін жақсартуға және тұрақсыз генерациядан туындайтын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Үкіметтік сағатқа қатысу — Қазақстан Республикасының «жасыл өткел» және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған компанияның цифрлық шешімдерін ілгерілетудегі кезекті қадам болды.
Сенаторлар алдында платформаны кәсіби түрде таныстырғаны және экономика мен білім беру саласында ESG қағидаттарын белсенді ілгерілеткені үшін Асель Аймұшеваға алғысымызды білдіреміз.