«Күн Бұлағы» 50 МВт күн электр станциясы

«Күн Бұлағы» 50 МВт күн электр станциясы

2025 жылғы 20 мамырда Бішкек қаласында Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвестициялық агенттіктің ғимаратында «ЖШС ТехноГруппСервис» өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан қуаттылығы 50 МВт болатын «Күн Бұлағы» күн электр станциясының құрылыс жобасының іске асу барысы талқыланды.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы президенттерінің уағдаластықтары аясында жүзеге асырылуда және Орталық Азияда тұрақты энергетиканы дамытуға, өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және «жасыл» экономиканы ілгерілетуге үлес қосуды көздейді.

Екіжақты диалогты жалғастыра отырып, 22 мамырда Бішкек қаласында Қазақстан–Қырғыз бизнес кеңесінің отырысы өтеді. Онда бірлескен инфрақұрылымдық және энергетикалық бастамаларды қоса алғанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттары қарастырылады.

«ЖШС ТехноГруппСервис» Қырғыз Республикасының Ұлттық инвестициялық агенттігіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді және «Күн Бұлағы» жобасын табысты іске асыруға бейілді екенін растайды. Бұл жоба екі ел арасындағы сындарлы әріптестік пен технологиялық ықпалдастықтың үлгісіне айналады.