Ұлттық Өнім VIII жыл сайынғы көрмесіне қатысу

Ұлттық Өнім VIII жыл сайынғы көрмесіне қатысу

2025 жылғы 16 мамырда EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің VIII жыл сайынғы Ұлттық Өнім көрмесі ашылды. Көрме «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен өткізіліп, Қордың көмегімен өндірілген өнімдерді қоса алғанда, отандық компаниялар өз өнімдерін ұсынады.

Биыл көрмеде Қазақстанның барлық өңірінен келген 350-ден астам өндіруші азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіптен бастап машина жасау мен зергерлік бұйымдарға дейінгі кең салада өз тауарларын ұсынады.

ЖШС «ТехноГруппСервис» бұл ұлттық іс-шараға 2022 жылдан бастап қатысып келеді және Ұлытау облысының атынан осы дәстүрді мақтанышпен жалғастыруда. Компания тұрақты даму мен жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ ақылды цифрлық платформалар саласындағы инновациялық шешімдерін таныстырады. Холдингтің биылғы жаңалығы – Алматы қаласында ашылған жаңа зауытта отандық фотоэлектрлік модульдер өндірісінің іске қосылуы. Бұл модульдер күн энергетикасы саласындағы ірі девелоперлер мен электр энергиясын тұтынатын шағын және орта бизнес өкілдері арасында жоғары сұранысқа ие.

Ұлттық Өнім көрмесіне қатысу – біздің әзірлемелерімізді кең аудиторияға ұсынуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және басқа компаниялар мен ұйым өкілдерімен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді.