PowerTech 2025

PowerTech 2025

2025 жылғы 2–4 сәуір аралығында Алматы қаласында декарбонизация, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Орталық Азиядағы энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог алаңы болып табылатын PowerTech 2025 халықаралық көрмесі мен конференциясы өтуде.

3 сәуір күні іскерлік бағдарлама аясында «Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері нарығына шолу» атты сессия өтті. Модератор ретінде «ECOJER» қауымдастығының Бас директорының кеңесшісі Рамазан Жанпиисов сөз сөйледі.

ЖШС ТехноГруппСервис Бақылау кеңесінің төрағасы Жомарт Момынбаев спикер ретінде шақырылып, «Қазақстан Республикасында ЖЭК және отандық өндірісті дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде саланың қазіргі басымдықтарын атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері үшін жабдықтарды өндіруде ұлттық әлеуетті кеңейту, саланың экспорттық мүмкіндіктерін арттыру және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның қолдау шараларын отандық генерациялық жабдықтарды пайдаланатын ЖЭК жобаларына шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті.

Сессияда спикер ретінде сондай-ақ келесі мамандар қатысты: Cranmore Partners компаниясының Орталық Азия бойынша директоры Игорь Новиков, S&P Global «Еуразия энергетикасы» тобының аға зерттеуші-талдаушысы Ерлан Ахметтаев, Ernst & Young жобалар жетекшісі Руслан Садгалин, CAREC Institute аға энергетика сарапшысы Владимир Завадский және KunTech компаниясының негізін қалаушы Диас Байсейітов.

PowerTech 2025 іс-шарасына қатысу ЖШС ТехноГруппСервис компаниясына ЖЭК саласындағы орнықты даму мен жергілікті өндіріс жөніндегі көзқарасын ұсынуға, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Жомарт Момынбаев отандық генерациялық жабдықты пайдаланатын ЖЭК көздерінен алынған ерікті сертификаттарды белгілеу үшін I-REC.KZ аббревиатурасын қолдануды ұсынды.