1 ГВт жел электр станциясының құрылысы

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы аясында  «ТехноГруппСервис» ЖШС 20 000 га алаңда жел энергиясының потенциалын зерттеуге кіріседі. Серіктестік жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін  Ұлытау облысының және Жаңаарқа ауданының басшылығына шын жүректен алғысын білдіреді.

1 ГВт ЖЭС жобасын іске асыру «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Мемлекеттік Тұжырымдама аясында  жүзеге асырылады, Серіктестіктің жарғылық мақсаты ЖЭК көздерін Қазақстан мен Орталық Азияның энергия жүйесінде электр энергиясын өндірудің негізгі көзіне айналдыру болып табылады. Тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 2030 жылға қарай 15%  құрауы тиіс. Президенттің Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауына сәйкес - қуат көздерін кеңейту ісі энергетикалық машина жасау саласында технология трансфертін жүзеге асырып, жергілікті өндірісті дамытуға, аккумулятор өнеркәсібін құруға негіз болады.

1 ГВт ЖЭС жобасын іске асыру компанияның ESG саясатына және «ТехноГруппСервис» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарына, атап айтқанда тұрақты даму мүддесіндегі білімге, технологиялық инновацияларға, гендерлік теңдікке, мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа және Серіктестіктің GBF-де көрсетілген БҰҰ № 4, 5, 7, 8, 9, 12, 13, 17 ТДМ қамтитын болашақ серіктестіктерге сәйкес келеді. Мәселен, жаңа жел энергиясы  объектісін іске асыру барысында 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады: құрылыс сатысында 300 адам, ал сервистік қызмет көрсету сатысында-80 адам. Жоба кадрлары ретінде негізінен жергілікті тұрғындарың арасынан  мамандар тартылатын болады.

1 ГВт жел электр станциясын салудың бұл жобасы мақтан тұтарлық жоба болып табылады және ЖЭК жел жобалары саласында компанияның одан әрі өсуін ынталандырады. Бұл жоба Қазақстанның «жасыл» энергетикасының жаңа дәуірінің белгісі және бір мезгілде Қытайдың  осы  сала көшбасшыларымен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.


«Алтын Сапа» байқауындағы жеңіс

«ТехноГруппСервис» ЖШС (ТГС) Президенттік «Алтын Сапа» байқауында «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңіске жеткенін мақтанышпен хабарлайды. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бұл беделді байқау жыл сайын ұлттық экономиканың дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген отандық бизнес көшбасшыларын марапаттайды.

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімі 2021 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында өтті. Жоғары лауазымды тұлғалар мен іскерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада ТГС жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға бағытталған қызметімен осы номинацияда жеңіске жеткен алғашқы кәсіпорын ретінде тарихқа енді.

«Алтын Сапа» сыйлығы – өнім мен қызмет сапасының ерекше деңгейін көрсеткен компанияларға берілетін ең жоғары мемлекеттік марапат. Бұл сыйлық мемлекет деңгейінде мойындалудың символы болып табылады және жеңімпаздардың өз саласындағы көшбасшылық мәртебесін арттырады. Байқау жеңімпаздары инновациялылық, тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және экономикаға қосқан үлесі сияқты қатаң критерийлер бойынша бағаланады.

Шара барысында софиттердің жарығы мен фанфарлар үні астында марапатты табыстаған Қазақстан Республикасының қазіргі Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов «ТехноГруппСервис» ЖШС-ін құттықтап, зор табыстар тіледі. Оның сөздері компанияның экологиялық таза энергия мен инновациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

«ТехноГруппСервис» ЖШС Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған жобаларды, оның ішінде күн электр станцияларын салу, заманауи технологияларды енгізу және экологиялық бастамаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс атқаруда. «Алтын Сапа» байқауындағы жеңіс компанияның жоғары кәсібилігін, инновациялық тәсілін және тұрақты даму саласындағы стратегиялық көзқарасын растайды.

Ресми репортажды «Хабар» телеарнасы ұсынды.