Ulttyq Onim 2026

Ulttyq Onim 2026

2026 жылғы 22–24 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстанның ең ірі отандық өндірушілер көрмесі — «Ulttyq Onim 2026» өтті. Көрме энергетика, өнеркәсіп, құрылыс, технологиялар және қызмет көрсету салаларын қоса алғанда, экономиканың түрлі секторларын ұсынған 600-ден астам қазақстандық компанияны біріктірді. Көрмені Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырды.

Көрме аясында ТГС компаниялар тобы «Жезқазған Металл Конструкциялар Зауыты» ЖШС атынан жаңартылатын энергетика және тұрақты инфрақұрылым саласындағы қолданыстағы және перспективалы жобаларын таныстырды. «Жасыл» экономиканы дамытуға, климаттық тұрақтылықты арттыруға және энергетика секторына заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды.

Компанияның күн және жел энергетикасы саласындағы жобалары, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымды тұрақты басқаруға арналған цифрлық шешімдері келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көрмеге қатысу бизнес өкілдерімен және әлеуетті серіктестермен бірқатар кездесулер өткізуге, ынтымақтастық перспективаларын талқылауға және ЖЭК саласындағы отандық технологияларды одан әрі дамыту мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді.

ЖШС «ТехноГруппСервис» Ұлытау облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының командасына, көрме ұйымдастырушыларына, серіктестерге және компания стендіне келген барлық келушілерге тұрақты даму саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамаларға қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреді.