ЖШС ТехноГруппСервис Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды мәселелерді ашық талқылауға арналған арнайы YouTube-арнасы — JARYQ медиажобасына қолдау білдірді.
JARYQ жобасы сарапшыларды, бизнес өкілдерін, мемлекеттік оргалар мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіріп, энергетика саласының қазіргі жай-күйі мен болашағы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, отандық энергетикалық машина жасау саласын дамыту, конструктивті диалог пен практикалық шешімдерді әзірлеу алаңын құруды мақсат етеді. Арна тұрақты даму, инфрақұрылымды жаңғырту, энергия тиімділігі және төмен көміртекті экономикаға көшу мәселелеріне ерекше назар аударады.
ЖШС ТехноГруппСервис компаниясы құрылған күнінен бастап энергетикада ашық, құзыретті және кәсіби орта құруды жақтап келеді. JARYQ жобасына қолдау көрсету – бұл біздің тұрақты даму, инновация және ағартушылық саласындағы стратегиямыздың жалғасы. Біз жүйелі мәселелерді ашық талқылау, жас мамандарды тарту және қоғамның сенімін арттыру — Қазақстанда заманауи және бәсекеге қабілетті энергетика қалыптастырудың кепілі деп санаймыз.
ЖШС ТехноГруппСервис компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы Моминбаев Ж.Б., JARYQ арнасына екі рет қатысып, технологияларды локализациялау, тұрақты қаржыландыру және Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл энергетиканың болашағы туралы сұхбат берді.
Сала мамандарын, сарапшыларды және барлық мүдделі тараптарды JARYQ платформасында өз тәжірибелерімен, талдауларымен және идеяларымен бөлісуге шақырамыз — елдің мықты, ашық және тұрақты энергетикалық болашағын бірлесе құрайық!
https://www.youtube.com/@jaryq-kazakhstan