16-24 қыркүйек аралығында "ТехноГруппСервис" компаниясының өкілдері Момынбаев Ж.Б пен Момынбаева А.Ж Қытай Халық Республикасына іскерлік сапар жасап, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші компаниялармен кездесулер өткізді. Сапар Пекин қаласындағы WIND ENERGY көрмесіне қатысумен басталды. Кейін CRRC Wind, CRRC BESS және LONGi компанияларымен өткен кездесулерде энергияны сақтау жүйелерін өндіру, күн панельдері зауытын салу және Қазақстандағы жел жобалары бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. "TechnoGroupService" өкілдері қытайлық серіктестермен тығыз ынтымақтастық озық технологияларды бейімдеуге және Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері нарығында TGS-тің позициясын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, "ТехноГруппСервис" командасы Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Гоби шөлінің Кубучи аймағына барды. Бұл аймақ Қытайдағы шөлейттенуге қарсы күрестің ең танымал жобаларының бірі болып табылады. Бұрын табиғи жағдайлардың қатаңдығынан "өлім теңізі" деп саналатын Кубучи бүгінде экологиялық өзгерістің табысты үлгісіне айналды. Соңғы бірнеше онжылдықта 6000 шаршы шақырымнан астам жер қалпына келтіріліп, оның едәуір бөлігі көгалдандырылды. 2014 жылы бұл жоба шөлейттенуге қарсы күрестің үлгісі ретінде БҰҰ тарапынан мойындалды.
Қытайдың табиғи сын-қатерлермен күресу тәжірибесін зерттеу TGS үшін шабыттандыратын үлгі болды және компания осы шешімдерді Қазақстанның жағдайына бейімдеуде зор әлеует бар екенін көруде. TGS мұндай тәжірибелерді Арал маңы шөлейттенуге қарсы күрес жобасына қолдануға қызығушылық танытып отыр.