Қазақстанның жаңартылатын энергия тарихының жаңа бетін ашқан «ТехноГруппСервис» ЖШС еншілес кәсіпорны «TГС-Жоба» ЖШС «Еуразиялық ТОП» ЖШС компаниялар тобына кіретін «Шұбаркөл Көмір» АҚ ұйымдастырған тендерде жеңіске жеткенін хабарлайды. Қарағанды облысында қуаттылығы 4,8 МВт күн электр станциясының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге конкурс жарияланды. Бұл жоба өңірдің тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам және 2024 жылы жаңартылатын энергия көздері саласындағы алғашқы қадам болып табылады.
«ТехноГруппСервис» ЖШС ESG (Экологиялық, Әлеуметтік және Басқару) қағидаттарына адалдығына баса назар аударады. Күн электр станциясы жобасын жүзеге асыру көміртегі шығарындыларын азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді.
Жоба көмір өнеркәсібі үшін тиімді электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар мен таза энергияның үйлесімі болып табылады. «Біз «Шұбаркөл Көмір» АҚ серіктестігімен келешегі зор жобада жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің мақсатымыз – күн электр станциясының жобалық құжаттамасын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар жобаны іске асыру», - деді Ж.Момынбаев, «ТехноГруппСервис» ЖШС Бақылау Кеңесінің Төрағасы.